Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

жаналықтар каз

2018 жылдың 19 наурыз күні Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын-алу мақсатында М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-нің «Парасат» колледжінде «Бүгінгі-бала, ертеңгі-ата-ана» атты тақырыпта арнайы сала мамандарының қатысуымен ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы 14-29 жастағы жастар арасында АИТВ/ЖИТС-ті алдын алуына бағытталған шараларын жүзеге асыру жөнінде ортақ жұмыс жүргізу мақсатында Облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасымен өзара ынтымақтастық туралы бірлескен меморандум жасасты. Осы меморандумның тармақтарын орындау мақсатында 2018 жылдың 16 наурыз айында ОҚО әкімшілік басқармасының мамандарымен бірге жастармен кездесу өткізді.

ІІД-не қарасты мекемелерде АИТВ/ЖИТС-тің алдын-алу тақырыбында Оңтүстік Казақстан Облысы ІІД медицина бөлімінің базасында ҚР ДСжӘДМ-нің 23.06.2015 жылғы №508 «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының орындалуы және жұмыс орнында АИТВ-инфекциясын жұқтырып алмау шаралары тақырыбында семинар-сабақ өткізілді.

Науқан халық арасында АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсіту мен шеттетудің алдын-алу бойынша ақпараттық деңгейін арттыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілді.

2018 жылы 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында Созақ ауданында орналасқан: «Казатомпром-SaUran ЖШС», «Казатомпром-SaUran ЖШС Степное РУ», «КАТКО БК» ЖШС, «Волковгеология» АҚ филиалы, «UKO – S STAR» метал құрастыру зауыты, «ЖТИ- Зерде» ЖШС Созақ аудандық кәсіпкерлік бөлімі, «Сырлы Созақ»ЖШС, Дархан-Ас өндірістік кооперативі құрылымдарының басшыларымен қызметкерлеріне ОҚО СПИД орталығының мамандары Д.Ж Құтмамбетова,Б.АТойшыбеков , «АИТВ/ЖИТС» жаһандық бәсекелестік индексі тақырыбында семинар сабақтар өткізді.

Іс-шараны ұйымдастырушы – Облыстық СПИД-тің алдын-алу және онымен күресу орталығы, Б.Момышұлы атындағы оқу орны

2018 жылы 2 наурыз күні Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы», облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы және ОҚО салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен №6 колледж студенттеріне АИТВ/ЖИТС, нашақорлық туралы ақпаратты бере отырып, салауатты өмір салтын ұстану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбиеледі.