Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Жаңалықтар

АИТВ – инфекциясы және бүйрек зақымдануы

АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы. АИТВ-жұқпасы ұзақ уақыт бойы ешбір белгісіз өтуі мүмкін. Алайда уақыт өте иммун тапшылығы вирусы адамның дене мүшелерін зақымдайды.  Сол себепті де адамдар бұл вирустың белгілерін басқа аурулармен шатастырып жүреді, мысалы: қызба, диарея, лимфа бездерінің ұлғаюы, т.с.с.. Сондықтан өз денсаулығыңызға дер кезінде мән беріп, АИТВ-на анализ тапсыру өте маңызды. Бұл вирусты  жұқтырған науқастар антиретровирусты препараттар қабылдамаған жағдайда бүйрек ауруларымен жиірек ауырады. АИТВ жұқтырған адамдарда вирус пен бактериялар жылдам көбейіп, бүйрек өзекшелері мен аралық тінінің (интерстиция) қабынуына алып келеді.

Жиі адамның иммун тапшылығы вирусымен өмір сүретін адамдарда бүйрек жетімсіздігі АИТВ-ассоциацияланған нефропатияның (АИТВ-ның бүйрек тіндерінде болуынан туындайтын бүйректің ерекше зақымдануы)  нәтижесінде пайда болады.

АИТВ-ассоциацияланған нефропатия ерекшеліктері - бүйрек жетіспеушілгінің тез дамуы және жоғары деңгейдегі протеинурия (зәрде белоктардың жоғары болуы), бұл кезде науқастың артериялық қан қысымы қалыпты деңгейде болуы мүмкін. Мұндай жағдайда науқастың ауруын жеңілдету мақсатында бүйрек тіндеріндегі вирустың белсенділігін тежейтін дәрілер тағайындалады, соның есебінен бүйрек қызметі жақсарады. Яғни науқастарға бүйрек жетіспеушілігіне жеткізбеу мақсатында вирусқа қарсы препараттар тағайындалады.

Қазіргі таңда вирустың белсенділігін төмендетуге, иммунитетті көтеруге және ағзаның вируспен өздігінше күресуіне бағытталған препараттар бар және олар ЖИТС-пен күресу орталығында тегін беріледі. Сол себепті  АИТВ жұқтырған адамдар кез-келген вирустар мен инфекциялардан сақ жүруі керек және антиретровирусты препараттар қабылдауы тиіс.

Адамның иммун тапшылығы вирусы өте аяусыз әсер ететінін әрқашан жадымызда сақтаған жөн. Сондықтан денсаулығымызды қорғап жүруді естен шығармайық. Ал сақтану әдістері өте қарапайым және әрбір адам баласына қол жетімді. Алдымен тікелей қанмен жұмыс жасағанда латекс колғаптарын кию, бір реттік шприцтерді қолдану. Екіншіден, есірткі заттарынан аулақ болу, үшіншіден, кездейсоқ жыныстық қатынаста болмау.

Дене шынықтыру және дұрыс тамақтану ағзаның нығаюына, барлық вирустар мен инфекцияларды ертерек жеңуге мүмкіндік жасайды.

Сақтық шараларын сақтап, аман жүрейік!

 

                                                       Шымкент қ. ЖИТС орталығының терапевт дәрігері Ашыкбекова А. Т.

Шымкент қаласы ЖИТС орталығы Медицина қызметкерлерінің төл мерекесін атап өтті.

 

Денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 18.06.2021 жылы Медицина қызметкерлерінің төл мерекесін атап өтті. Бас дәрігер Т. Мейрханов барлық қызметкерлерді медицина қызметкері мерекесімен құттықтады. Ұжымның арқасында көптеген жетістіктерге жеткенін, COVID-19 пандемиясының салдарынан орталықтың қызметінің басқа бағытта да жұмыс істегенін атап өтті. Ұжымның арқасында талай белестерден көрінетініне сенім артты. 40 жылдан аса ерен еңбегі үшін Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін Г.Абдрашоваға ұсынды. «Нұр Отан» партиясы тарапынан автокөлік жүргізушісі Ибраимов Мухтар марапаттады. «Ernur-press» ЖШС-нен орталықтың бірталай жылдар бойы бірлесе жұмыс істегенін, оның ішінде жемісті еңбегі үшін дәрігер статистик М. Моисееваға алғыс хатын ұсынды.   Есепші Сиримбетова П. Медицина қызметкерлерін төл мерекелеріңізбен құттықтады. Әр адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен алақандарын сезінеді. Олар адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы жандар. Еңбектері көзге көрінбейді. Медицина мамандарының еңбектерін өзінің басына дерт түскенде сезінгенін және бүгін алдарында тұрғанын атап өтті. Олардың көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып, талай адамның үмітін жалғап өмірге деген құлшынысын арттыратын айтты. Осы ақ халатты абзал жандарды төл мерекелерімен тағы да шын жүректен құттықтап, барлық жақсылықтарды тілегісі келетінін айтты. Кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Ш.Абдрашова да төл мерекемен құттықтап, кәсіподақ үйымының төл мерекесіне орай қаржылай көмек берілуде басшының еңбегі бар екенін атап өтті. Зертхана маманы Г.Қысмұратовада сөз сөйлеп, кәсіби мерекемен барлық қызметкерді құттықтады.